Қарағанды облысының шалғайдағы ауылдарының оқушылары жаңа автобустармен жүретін болады

Қарағанды облысының шалғайдағы ауылдарының оқушылары жаңа автобустармен жүретін болады

Қарағанды облысының Абай, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарының бес мектебінде жаңа автобустар пайда болды. 2022 жылдың соңына дейін өңірдің тағы 22 мектебі көлікпен қамтамасыз етіледі.

Автобустар QazТесһпа Саран зауытында жиналды.

Білім басқармасының ақпараты бойынша, облыстың мектептері жоқ 121 шалғай елді мекенінде 58 оқу орнына оқушыларды жеткізу ұйымдастырылған.

Автобустар "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ лизингтік бағдарламасы арқылы сатып алынды.

"Абай ауданында автобустармен Қарабас және Топар кентіндегі № 15 жалпы білім беретін мектеп, Бұқар Жырау ауданында Ы.Алтынсарин және Т. Бигельдинов атындағы жалпы білім беретін мектептер, Қарқаралы ауданында – № 6 ЖОББМ қамтамасыз етілген.

Жаңа автобустар заманауи талаптарға жауап береді, қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп рюкзактарына арналған стеллаждармен, есіктер ашық тұрған кезде қозғалысты бұғаттау механизмімен жабдықталған, жылдамдығы сағатына 60 км-ге дейін шектегіш бар", – деп хабарлады Білім басқармасынан.