Қарағандылықтарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады

17 қыркүйекте Қарағанды облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған экоакция өтеді. Ол қоғамның назарын табиғатты сақтаудың маңыздылығына аударуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Қарағандыда Дүниежүзілік тазалық күніне қосылғысы келетіндерді таңғы 10:00-де каскадты субұрқақ (Бұхар-жырау даңғылы, 47) жанында күтеді. Автобус еріктілерді қарағай орманына (https://go.2gis.com/jfqd8v), Қарағандыдан Теміртауға шығатын жерде орналасқан тоғанға алып барады.

Бұл жер кездейсоқ таңдалмаған. Демалушылар жыл бойы осында серуендеуге келіп, жиі өздерінен соң қоқыс қалдырады. Аумақты тазартқан соң қатысушыларға ұйымдастырушылар эковикторина және табиғат аясында шай ішуді ұсынбақ.

Теміртауда экобелсенділер қала тұрғындарын Нұра өзенінің жағалау аймағын тазалауға шақырады. (https://go.2gis.com/nf6il). Жиналу сағат 10:00-де № 16 мектеп жанында (Темиртауская көшесі, 1 ст.). Сол жерден қатысушылар автобуспен акция өтетін аумаққа барады. Өзен жағасында тазалау алдында ұйымдастырушылар қалдықтарды сұрыптау және көлемін азайту бойынша шеберлік сабағын өткізеді. Акцияның барлық қатысушылары кәдесыйлар алады.

Экобелсенділер облыстың басқа тұрғындарын "Дүниежүзілік тазалық күні" акциясына қосылуға және өз аулалары мен елді мекендерінде сенбіліктер өткізуге шақырады.

Қарағандыда бірінші күзгі сенбілік 17 қыркүйекте өтеді. 

Дүниежүзілік тазалық күні – бұл өз қалаларын, ауылдарын және т. б. қоқыстардан тазарту үшін миллиондаған еріктілерді біріктіретін ең ірі халықаралық қоғамдық акция. Бұл акция 2008 жылы Эстонияда "Жасаймыз" (Let'sDoit!) қозғалысы және 50 мың волонтер 5 сағат ішінде елді 10 мың тонна қоқыстан тазартқан кезде бастау алған. Бірнеше жылдан кейін жүргізілген мониторинг жаппай тазалаудан кейін аумақтардың ластануы 75%-ға төмендегенін көрсетті.

 Акция халықаралық мәртебеге ие болды және қыркүйектің әр үшінші сенбісінде жүйелі түрде өткізіле бастады. Қатысушылар халықаралық порталда тіркеледі (https://www.worldcleanupday.org). Өткен жылдар ішінде акцияға 50 миллионнан астам адам қатысты. Биыл қоқыс жинауға 240-тан астам ел қатысады деп күтілуде.