
Биыл Қарағанды облысындағы көпқабатты үйлерде 60 лифт ауыстырылуы тиіс. Бүгінде облыс орталығы мен Теміртауда 26 жаңа көтергіш орнатылды. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек облыстық мәслихаттың кезекті XVII сессиясында айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап өңірде жұмыс істемейтін лифтілерді ауыстыру бойынша бағдарлама жұмыс істейді. Облыс бойынша Теміртауда, Балқашта, Қарағандыда барлығы 361 көтергішті ауыстыру қажет болды.

Бүгінгі таңда 146-ы орнатылды.
Лифтілерді жаңартудан басқа, көп қабатты үйлерді күрделі жөндеу қолға алдынды. Қарағанды, Абай, Қарқаралы, Саран және Шахтинск қалаларында 17 көппәтерлі тұрғын үй ретке келтіріледі. Сондай-ақ, биыл облыста 114 аула мен 54 балалар ойын алаңы абаттандырылуда. Көшелерле 1125 жарық тірегі және 1925 шам орнатылды.