Қарағанды облысында астықтың 74%-дан астамы және көкөністердің 50%-дан астамы жиналды

Қарағанды облысында астықтың 74%-дан астамы және көкөністердің 50%-дан астамы жиналды

Қарағанды облысында егін жинау науқаны кесте бойынша жүргізілуде. Бүгінгі таңда астықтың 74%-дан астамы және картоп пен басқа да көкөністердің 50%-дан астамы жиналды. Фермерлерде ЖЖМ-мен проблемалар жоқ. Жақсы ауа-райында астық жинау 25 қыркүйекке, ал картоп пен көкөністерді жинау қазан айының басында аяқталады деп жоспарлануда. 

Биыл өңірде дәнді дақылдар 920 мың гектар жерге егілді. Картоп 11 500 гектарға, майлы дақылдар 26 мың гектарға, көкөністер 1400 гектарға отырғызылды.

Нұра және Осакаров аудандарына жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек бау-бақша иелерімен кездесті. Олар егін жинау қалай жүріп жатқанын айтты.

Облыс әкімі Нұра ауданындағы "Черниговский и К" шаруа қожалығына барды. Жалпы аудан бойынша ірі аграршылар астық жинауды аяқтады.

– Облыс бойынша ең үлкен астық алқаптары Осакаров ауданында. Онда да егін жинау жұмыстары аяқталды, – деп атап өтті Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.

Осакаров ауданында Жеңіс Қасымбек "РосАгро" ЖШС және "АгроЛето" ЖШС егістіктерінде болды, онда бидай мен жасымық тиісінше жиналады, сондай-ақ "Батаев" ЖШС-де зығыр жинау барысымен танысты.

Айта кету керек, биыл Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау артты. Барлығы 23 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өсімдік шаруашылығына – 5,2 млрд теңге қарастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 млрд-қа артық.