
Қарағандыда 17 қыркүйек, сенбі күні скандинавиялық жүріс бойынша I қалалық марафон өтеді. Шараны ұйымдастырушылар әуесқой спортшыларды таңертең орталық саябаққа шақырады. Тіркелу сағат 09:00-ден бастап жүргізіледі, ал марафон 10:00-де басталады.

Қатысуға ниет білдірген кез келген адам қатыса алады (+7-707 -675-80-08 телефоны бойынша жазылу). Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – мықтыларды таңдау емес, салауатты өмір салтын насихаттау.
"Қарағандыда 1 маусымнан бастап "Әр аулаға спорт" жобасы іске қосылды. Қаланың әр аудандарында көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін жалпы физикалық дайындық бойынша жаттығулар, зумба сабақтары, скандинавиялық жүріс бойынша сабақтар өткізілді. Жаз бойы 430-ға жуық жаттығу өтті, оған әртүрлі жастағы бес мыңнан астам адам: балалар мен зейнеткерлер қатысты, – деп атап өтті ұйымдастырушылар. – Скандинавиялық жүріспен аға буын өкілдері белсенді айналысуда. Олардың арасында 80 жастан асқандар да бар. Олар жастарға үлгі бола отырып, спорттың барлық түрі қол жетімді екенін көрсетеді".
Марафон қатысушыларына медальдар мен сертификаттар беріледі.
Іс-шараны Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен "Шахтер" КМҚК ұйымдастырды.