Теміртаулықтар әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатыса алады

Теміртаулықтар әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатыса алады

Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімі "Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі" байқауын өткізу туралы жариялайды. Өтінімдер 27 қыркүйекке дейін қабылданады.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге, әлеуметтік жобаларды таныстыруға, мемлекеттік емес ұйымдардың мемлекеттік билік органдарымен ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған.

Байқауға саяси партияларды, кәсіптік одақтар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, Теміртау аумағында тіркелген және өз қызметін жүргізетін мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдар, оқу орындары, қоғамдық ұйымдар, қоғамдық және жеке қорлар мен мекемелер, бірлестіктер, одақтар, мүдделер бойынша клубтар, жастар ұйымдары, бастамашыл топтар қатыса алады. Сондай-ақ, өз идеяларын Теміртау қаласында тұрақты тұратын тұрғындар (жеке тұлғалар) ұсына алады.

Қатысу үшін келесі позицияларды қамтитын өтінім мен жобаны толтыру қажет:

1) жобаның атауы (қысқа болуы және жобаның мәнін көрсетуі тиіс);

2) жобаның мақсаты мен негізгі міндеттерін сипаттау (негізгі көздеген мақсатты көрсету және шешілуі қажет нақты міндеттерді көрсету);

3) жобаның қысқаша сипаттамасы (бар проблеманы, шешу тетіктерін, жобаның өзектілігін көрсету, сандық индикаторларды көрсету – мысалы, қанша адам қамтылатынын, оқытылғанын, емделетінін және т. б. көрсету);

4) әлеуметтік әріптестік (жоба бойынша негізгі тұрақты серіктестер мен серіктестерді көрсету);

5) нысаналы топ, жобаны іске асыру аумағы;

6) күтілетін нәтижелер;

7) жобаның негізделген күнтізбелік жоспары;

8) болжанатын шығыстардың негізгі баптарын (жоба бюджеті) қамтиды.

Өтінім қазақ немесе орыс тілдерінде "әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі – 2022" деген белгімен MS Word форматында ovp.temirtau@mail.ru электрондық мекенжайға жіберіледі.

Анықтама телефондары: 8-771-526-52-27, (8-7213) 90-07-08.