
"Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы 16 қыркүйекте Қазақстанның барлық қалаларында өтеді. Ұйымдастырушылар құқықтық көмекке мұқтаж барлық адамдарды шақырады. Сұрақтарға заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері жауап береді.
Қарағандыда акция "Таир" СОО (Космонавтов көшесі, 1В) өтеді. Басталуы 16:00. Кіру тегін. Консультациялар тегін.
"Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ желілік басылым, "Параграф" ақпараттық жүйесімен, мемлекеттік органдармен, елдің жетекші заңгерлерімен және адвокаттарымен ұйымдастырылған.
Қосымша ақпаратты 8-702-814-82-81 нөмірі арқылы алуға болады.