Нұра ауданы тұрғындарының назарына!

Нұра ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданына барады. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2022 жылғы 14 қыркүйекте сағат 10:00-де Нұра кентінің мәдениет үйінде ұйымдастырылады. Содан кейін жеке қабылдау өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-72144) 2-17-21 телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық пошта арқылы қалдыра аласыз: z.ryzpaeva@karaganda-region.gov.kz.