
Қарағанды облысында 2022 жылға қарай 2280 бейнебақылау камерасын орнату бойынша жоспарлы көрсеткіш орындалды. Цифрландыру азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге көмектесуде.
"Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын іске асыру туралы облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Рустам Байжанов айтып берді.
– Бүгін Қарағанды аумағында ЖБО-ға 4588 бейнебақылау камерасы шығарылды, – деп хабарлады ол.
Облыс орталығындағы үйлердің кіреберістерінде 1550 камера орнатылған.
"Бұлтты бейнебақылау" және "Қауіпсіз қала" жобалары жұмыс істейді. Қарағанды қиылыстарында нақты уақыт режимінде жол-қозғалыс ережелері бұзушылықтарын 10 аппараттық-бағдарламалық кешен тіркейді.
Облыс орталығында кез келген азамат пайдалана алатын шұғыл байланыс терминалдары да бар.
Барлық полиция қызметкерлері планшеттермен қамтамасыз етілген. Облыста құрылғыларды жаңарту үшін қосымша сатып алу жоспарлануда.