Демалыс күндері қарағандылықтар үшін орталық саябақта іс-шаралар дайындалды

Демалыс күндері қарағандылықтар үшін орталық саябақта іс-шаралар дайындалды

Шеберлік сабақтары, билер, ойындар, музыканттардың өнер көрсетуі, Кореяға арналған шоу-бағдарлама – осы іс-шаралардың барлығы алдағы демалыс күндері Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағының басты сахнасында өтеді. Олар ересектер мен балаларға қызықты болады.

Сенбі, 10 қыркүйек:

- 12:00 – "Сәлем, мектеп!»;

– 16:00 – Алматылық Корей туризм ұйымының шоу-бағдарламасының басталуы, корей тағамдарының дегустациясы;

- 16:10 – қарағандылық музыкалық кавер-топтардың өнер көрсетуі;

- 17:00 – блогерлер Карина Сыздықова мен Сәкен Кагаров матчы;

- 17:30 – Randomdance game;

- 19:00–20:00 – VR-Кореяға саяхат.

Жексенбі, 11 Қыркүйек:

- 11:00 – зумба-жаттығу;

- 14:00–20:00 – VR-Кореяға саяхат;

- 16:00 – Midnyt би студиясының есеп беру концерті.