
"Шалқыма" концерт залында 23 қыркүйек күні сағат 18:30-да "Шамғон – шалқар шабыт..." атты КСРО Халық әртісі Шамғон Қажығалиевтің туғанына 95 жыл толуына орайластырылған еске алу кеші өтеді.

Концерт Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің және халықаралық байқаулардың лауреаты Нарын Қажығалиевтің қатысуымен өтеді.
Дирижерлер – Өзбекстанның халық әртісі Фарух Садықов (Ташкент), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов (Нұр-сұлтан) және Дүйсен Үкібай (Алматы).
Оркестрдің көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев, оркестрдің бас дирижері – халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.