
Saryarqa aqparat медиахолдингінің жаңа директоры тағайындалды. Бұл қызметті Қайрат Жүнісұлы Әбілдә атқарады.
Ол Шет ауданы Киікті ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1997 жылы облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің тілшісі болып бастаған. Әр жылдары "Сарыарқа самалы" газетінің бөлім меңгерушісі, "Қазақ спорты", "Sport" республикалық апталықтарының шолушысы, "Шахтер" ФК медиа-офицері, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, жеке тілші, "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің Қарағанды облысы бойынша бөлім меңгерушісі, сол газеттің бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
Қарағанды облысы әкімінің "Алтын сұңқар" сыйлығының (2006 ж.) және С. Бердіқұлов атындағы республикалық конкурстың (2007 ж.) лауреаты, "ҚР ақпарат саласының үздігі" төсбелгісінің иегері (2019 ж.).