Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай оның 12 томдық еңбектер жинағы жарық көреді

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай оның 12 томдық еңбектер жинағы жарық көреді

Жыл соңына дейін Ахмет Байтұрсыновтың 12 томдық шығармалар жинағын басып шығарып, оны еліміздің кітапханаларына тарату жоспарланып отыр. Іс-шара көрнекті ағартушы және саяси қайраткердің 150 жылдығына орайластырылған.

Сондай-ақ мерейтой аясында Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы толықметражды көркем фильмнің түсірілімі жоспарланған.

Биыл лингвист ғалым мен қоғам қайраткерінің есімі бір ауылға, 200-ден астам көше мен 39 мектепке, әуежай мен мұражайға берілді. Іс-шаралар шетелде де жоспарланған. 2021 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында қазақ ақыны мен педагогының мерейтойлық күнін осы ұйымның атаулы күндерінің халықаралық күнтізбесіне енгізу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мұрағат істері және құжаттаманы басқару комитеті