Қарағанды облысындағы табиғи өрттердің жағдайы

Қарағанды облысындағы табиғи өрттердің жағдайы

Қарағанды облысында ауа райының ыстық болуына және қатты жел соғуына байланысты жоғары өрт қауіпсіздігі сақталып отыр. Өңірдің ТЖД мәліметінше, 6 қыркүйекте бір тәулік ішінде 17 табиғи өрт тіркелді, оның тоғызы жойылды.

Үш табиғи өрт және бес дала жануы бақыдауда.

Шет ауданында, Қызылтау ауылынан 12 шақырым жерде 5 қыркүйекте құрғақ шөп өртенді. От 300 га жерді шарпыды, осы ауданның Нұраталды ауылдық округінде, Шопа ауылынан 25 шақырым жерде, 6 қыркүйекте басталған дала өртін жою жалғасуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл учаскеде өрт аумағы 1000 га құрады.

Бұқар Жырау ауданында, Белағаш орманшылығының аумағында, Төрткөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, 6 қыркүйек сағат 16:40-та құрғақ шөптер мен ағаштар өртенді. Орман өртінің болжамды ауданы – 10 га.

Дала жануы 6 қыркүйекте Шет, Қарқаралы және Нұра аудандарында орын алды.

"Барлық ошақтарда ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың ерікті өрт сөндіру құрамаларының және орманшылықтардың күштері жұмылдырылды. Табиғи өрттер мен жануды жоюға барлығы 362 адам мен 83 техника жұмылдырылды", – деп хабарлады ТЖД.

Тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жану анықталған жағдайда дереу 101 және 112 телефондарына қоңырау шалу қажет.