
9 қыркүйек, жұма күні Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театры " Ұлтқа қызмет" спектаклімен 91-ші театр маусымын ашады. Басталуы 18:30.

Қанат Жүнісовтің тарихи оқиғаларға негізделген "Ұлтқа қызмет" деректі драмасы Әлихан Бөкейханов бастаған "Алаш" зиялыларының өмірі мен тағдыры туралы баяндайды. Қоюшы режиссері – Айдын Салбанов, қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов.

Анықтама телефондары: 41-39-89, 42-02-97.