Қазақстан Президенті үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегерін құттықтады

Қазақстан Президенті үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегерін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы 15 жасар қазақстандық Алан Құрманғалиевті Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алуымен құттықтады.

Бұл жетістіктің отандық спорт үшін тарихи маңыздылығын атап өтіп, Президент Аланға көрсеткен шеберлігі үшін алғыс айтып, оған болашақта жаңа жарқын жеңістер тіледі.

Аслан Құрманғалиев Қазақстан Үстел теннисі тарихында Азия чемпионатының медалін жеңіп алған алғашқы спортшы болды.

t.me/bort_01