
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 7 қыркүйекте Абай ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу сағат 10:30-да Топар кентінің Энергетиктер мәдениет үйінде ұйымдастырылады. Кездесуден кейін жеке қабылдау өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-72131) 7-99-09 (ішкі – 038) телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық пошта арқылы қалдыра аласыз: ol.tsoi@karaganda-region.gov.kz.