
Қарқаралыда аудандық спорт мектебінің алдына еркін күрестен КСРО спорт шебері, Бүкілодақтық турнирлердің жеңімпазы Сымбат Оспановқа мемориалдық тақта орнатылды.

Биыл спортшының қайтыс болғанына 28 жыл толады. Өзінің қысқа өмірінде Сымбат Оспанов спортта үлкен жетістіктерге жетті, жаттықтырушы болып жұмыс істей отырып, лайықты оқушыларды тәрбиеледі.

– Қарқаралыдан көптеген атақты адамдар шықты. Бүгін жерлестеріміз аса құрметтейтін Сымбат Оспанов та өзінің қысқа ғұмырында көп еңбек еткен талантты жерлесіміз, мықты спортшы болды. Оның жетістіктеріне өскелең ұрпақты тәрбиелеу керек, – деп атап өтті Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын мемориалдық тақтаны ашу кезінде.