Қарағанды облысында төрт мың адам бір мезгілде мемлекеттік тілде диктант жазды

Қарағанды облысында төрт мың адам бір мезгілде мемлекеттік тілде диктант жазды

Қазақстан халқының Тілдер күні қарсаңында және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай Қарағанды облысының мемлекеттік қызметкерлері, жеке меншік кәсіпорындардың мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері бір мезгілде "Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы" тақырыбында диктант жазды.

Төрт мың адам жазбаша қазақ тілін білу деңгейін көрсетті.

"Диктанттың талабы бойынша әр мекеменің жауапты мамандары анықталып, WhatsAрр желісіндегі топқа біріктірілді. Диктант мәтіні бір уақытта топқа жіберілді. Диктант процесі суретке және бейнеге түсірілді. Өзін-өзі тексеру жұмыстары жүргізілді. Әр мекеме диктант туралы ақпаратты өзінің әлеуметтік парақшаларында жариялады. Барлық қатысушылар 145 сөзден тұратын мәтінді еш қиындықсыз жазды және өздерінің сауаттылығын 95%-ға дәлелдеді", – деп хабарлады Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы.