Абай ауданы тұрғындарының назарына!

Абай ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қыркүйек айының бірінші жартысында Абай ауданының тұрғындарымен кездеседі және жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу Топар кентінің Энергетиктер Мәдениет үйінде өтеді. Уақыты мен күні қосымша хабарланады.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-72131) 7-99-09 (ішкі – 038) телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық пошта арқылы қалдыра аласыз: ol.tsoi@karaganda-region.gov.kz.