Поэзия және музыка кештері, жалынды лезгинка: Қарағанды саябағындағы демалыс күндерінің афишасы

Поэзия және музыка кештері, жалынды лезгинка: Қарағанды саябағындағы демалыс күндерінің афишасы

Қарағандының орталық саябағы мәдени бағдарлама үшін басты сахнаны белсенді пайдалануды жалғастыруда. Алдағы демалыс күндері қарағандылықтарды музыкалық және поэтикалық кештерге шақырады.

Сенбі, 3 қыркүйек:

16:00 - 18:30 - "Шексіз шығармашылық" әдеби-музыкалық слеті;

18:30 - 22:00 - "Dala Daryny" музыкалық Open Air.

Жексенбі, 4 қыркүйек:

11:00 - жалынды зумба;

18:00 - "О махаббат, жансыздарға жан берген..." атты Сейфуллин атындағы облыстық қазақ театры әртістерінің қатысуымен әдеби-поэтикалық кеш;

20:00 – 21:30 - "Дағыстан" этномәдени орталығының "Хайдакъ" ансамблінің концерті. Бағдарламада - лезгинка, Кавказ әндері мен билері.