Нұра ауданының Изенді ауылында жас спортшыларға арналған бокс залы ашылды

Нұра ауданының Изенді ауылында жас спортшыларға арналған бокс залы ашылды

Балалар жылы аясында Нұра ауданының Изенді ауылында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бейбіт Масабаев атындағы бокс залы ашылды. Демеушілерге "Қазақстан халқына" ҚӘҚ қолдауымен "Batyr bolamyn" қайырымдылық қоры қолдау көрсетті.

Қайырымдылық жобасы ауылдық жерлерде балалар спортының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

- Мәдениет үйінде бокс залы жабдықталды. Ол үшін бос бөлме жөнделіп, жұмсақ еден мен қабырғалар жасалды. Қажетті құрал-жабдықтар, сондай-ақ шлемдер, қолғаптар, каптар және т.б. сатып алдық, залда 50-ден астам бала айналысады, - деді Нұра ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Шолтаев.