Қарағандылық "Сарыарқа" қатарынан үшінші рет Қазақстан Кубогын жеңіп алды

Қарағандылық "Сарыарқа" қатарынан үшінші рет Қазақстан Кубогын жеңіп алды

Қарағандының мұз жасағы осымен үшінші жыл қатарынан Parimatch - Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды. Финалда сары-қаралар командасы көкшетаулықтардан 3:0 есебімен басым түсті.

Қақпашы Денис Каратаев өте жақсы нәтиже көрсетті.

"Арлан" қақпасына Андрей Лагунов екі рет шайба салды. Ол Қазақстан Кубогының үздік шабуылшысы атанған болатын.

Александр Ананичев те ерекшеленді.

Команда мүшелері "Сарыарқаның" жеңісіне сенген жанкүйерлеріне үлкен алғысын білдірді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша