Қарағандының мамандандырылған спорт мектебінде дарынды балалар резерві құрылды

Қарағандының мамандандырылған спорт мектебінде дарынды балалар резерві құрылды

Әлия Молдағұлова атындағы Қарағанды облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде оқушылар мен студенттер оқуға кірісті. Конкурстық іріктеуден өтпеген балалар үшін резерв құрылды.

"Қосалқы құрамда" жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар қалды. Оларды мектеп жаттықтырушылары назарға алды.

- Жыл бойы әр түрлі себептермен балалар кетіп қалады. Біреу жүктемені көтере алмайды, біреу басқа мектепке ауысады және т.б. Бұл жағдайда бізде ауыспалы құрам бар. Бос орын пайда болғаннан кейін, мектеп оқушылары бірден қабылданады, - деді Владимир Антонов, жетекшінің кәсіби оқыту және спорттық жұмыс жөніндегі орынбасары.

Биыл Қарағанды мектебіне 112 адам түсіп, тағы 45-ін Теміртау филиалы қабылдады. Колледжге 30 студент қабылданды, оның ішінде болашағы зор жас спортшылар: дүниежүзілік жазғы гимназиядасының жеңімпазы Анна Шумило, жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионы Алиса Невенченко, бокстан республика чемпионы Аслан Асланов, бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Томирис Мырзақұл және т. б.

- Колледжге түсу арнайы орта білім алуға және ең бастысы спорттық мансапты жалғастыруға мүмкіндік береді. Студенттерді әлеуметтік қорғау да қарастырылған. Біз болашағы зор жастарды сақтап қаламыз. Бүгінгі таңда біздің 12 түлегіміз - Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі құрамының мүшелері, - деп атап өтті Владимир Антонов.

Қазіргі таңда Әлия Молдағұлова атындағы мектеп-интернат колледжінде 88 студент және 450 оқушы білім алуда.