Жаңа маусымның ашылуында Тәттімбет атындағы оркестрмен опера әншісі Азамат Желтыргузов өнер көрсетеді

Жаңа маусымның ашылуында Тәттімбет атындағы оркестрмен опера әншісі Азамат Желтыргузов өнер көрсетеді

Қарағандыда Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі 11 қыркүйекте жаңа XXXV маусымын ашады. Музыка сүйер қауымды сағат 16.00-де "Шалқыма" концерт залына шақырады.

Оркестрмен бірге белгілі опера әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Желтұрғызов пен халықаралық байқаулардың лауреаты Рысты Рахымжан өнер көрсетеді.

Дирижерлер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оркестрдің көркемдік жетекшісі Әбдуғалисын Шоқанбаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ерлан Бақтыгерей мен Әбілқайыр Сағымбаев.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.