Қарағандының Кеншілер мәдениет сарайы тегін студиялар мен үйірмелерге жазылуды бастады

Қарағандының Кеншілер мәдениет сарайы тегін студиялар мен үйірмелерге жазылуды бастады

Қарағандының Кеншілер мәдениет сарайы шығармашылық ұжымдарға жазылу науқанын ашты. Студияларда, үйірмелерде және клубтарда сабақтар тегін өтеді. Ол туралы толығырақ 4 қыркүйекте білуге болады – алдағы жексенбіде мәдениет үйінде Ашық есік күні өтеді.

Ұйымдастырушылар оқушылар мен олардың ата-аналарын шараға қатысуға шақырады. Ашық есік күні сағат 11.00-де басталып, 15.00-ге дейін жалғасады. 11:30-да сахнада көркемөнерпаздар ұжымдары өнер көрсетеді.

Кеншілер мәдениет сарайында хормен ән айту және вокал үйірмелері, би ұжымдары, домбыра және вокалдық-аспаптық ансамбльдері, театр үйірмелері, қолданбалы өнер студиясы, шахмат әуесқойлары, йога клубтары және тағы басқалар жұмыс істейді.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: (8-7212) 41-18-01, 41-27-26, 8-702-164-81-87.