Қарағанды облысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің реестріне өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды облысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің реестріне өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы 1-15 қыркүйек аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтінімдер қабылдауды жүргізеді.

Үміткерлер жұмыс күндері Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, 305-шы кабинет мекенжайы бойынша өтініш бере алады. Құжаттар пошта арқылы, сондай-ақ socpr22@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 (7212) 503876.

ШОБ субъектілері Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері бола алады. Шарты - олардың қызметі азаматтар мен қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етеді. Мәртебе мемлекеттік қолдау алуға құқық береді: гранттық қаржыландыру, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, несиелер бойынша мөлшерлемелерді субсидиялау және т. б.