
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Мемлекет басшысының үндеуін тікелей эфирде көруге болады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар ҚР Президенті баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.