"Қарағанды" фотоклубы көрмеге шақырады

"Қарағанды" фотоклубы көрмеге шақырады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 1 қыркүйекте "Аппроксимация" атты фотокөрме ашылады. Онда "Қарағанды" фотоклубының мүшелері өз өнерлерін көрсетеді.

"Неліктен "Аппроксимация"? Күнделікті өмірде бұл термин бірдей хабаға ие бірқатар оқиғаларды жалпылауды білдіреді. "Аппроксимация" фотоклубтың қалыптасуының үш жылдық циклін жабады. Біз өткеннің жетістіктерін құрметтейміз, сақтаймыз және көркем фотографияны дамытамыз. Біздің жоспарларымыз, идеяларымыз өте көп және оларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз", - деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Ұжымдық есеп 36 автордың 190-ға жуық фотожұмысын қамтыды. Польшадан клубты жандандырудың бастамашысы Болат Аймағамбетов стрит-фотография жанрында өз суреттерін жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, "Қарағанды" фотоклубы өз жұмысын 2019 жылы бастаған болатын. Ол фотосурет өнеріне деген сүйіспеншілікті байланыстыратын әр түрлі жастағы және кәсіптегі адамдарды біріктірді. Осы есеп беру көрмесінен бұрын тағы екі: "Экстраполяция" және "Интерполяция" көрмелері ұйымдастырылған болатын.

Фотокөрменің ашылуы 1 қыркүйекте сағат 16.00-де өтеді. Экспозицияны 10 қыркүйекке дейін тамашалауға болады.