Мереке күндері ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Мереке күндері ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Конституция күнін мерекелеуге байланысты Қазақстанның ХҚКО мен арнайы ХҚКО-тары 28, 29 және 30 тамызда жұмыс істемейді.

Облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалалардағы кезекшілік ХҚКО 29 тамызда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Қазпоштадағы" жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты кезекші ХҚКО-да 29 тамызда кассалар арқылы мемлекеттік баж төлеу қолжетімсіз болады. Мемлекеттік қызметтерді банктік қосымшалар мен QR-кодтың көмегімен төлеуге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, сенбі, 27 тамыз - жұмыс күні, ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар клиенттерді әдеттегі кесте бойынша қабылдайды.

ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар 31 тамызда жұмысын қайта бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО-лар әдеттегі режимде дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша.