Қарағандылық оқушы халықаралық олимпиадада жеңіске жеткені үшін сыйлық алды

Қарағандылық оқушы халықаралық олимпиадада жеңіске жеткені үшін сыйлық алды

Нұр-Сұлтанда Халықаралық мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ірі сомаға ақшалай сертификаттар табыс етілді. 27 марапатталғандардың арасында осы жылы химия пәнінен халықаралық олимпиадада (IChO) алтын медаль жеңіп алған қарағандылық Мадияр Қасымалы бар.

Мадияр - химия пәнінен ұлттық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Осы пән бойынша білімді игеруге және жетілдіруге оған оқытушы Абылай Саматов көмектесті. Биыл Мадияр Қасымалы "Білім-инновация №1" лицей-интернатын бітіріп, Назарбаев Университетіне оқуға түсті.

Халықаралық олимпиада жеңімпазы 4,7 млн теңге көлемінде сыйақы алды.

- Мен қазір студентпін. Университетте, әрине, қиын болады. Оқушыларға әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысудан қорықпауға, медальдарға назар аудармай өз білімдерін тексеруге кеңес бергім келеді. Бұл алға жылжуға көмектеседі. Әрине, жауапкершілікпен дайындалу керек, - дейді Мадияр Қасымалы.

Биыл қазақстандық оқушылар алғаш рет Халықаралық зияткерлік жарыстардағы табыстары үшін ақшалай сыйақы алады. Оларды олимпиадаларға дайындаған мұғалімдерге де сыйақы берілді. Пәндік халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына біржолғы ақшалай сомаларды төлеу туралы нормаларды қарастыратын заңға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.