
Қарағанды облысында биыл ауылдарға жұмыс істеуге келген 123 жас маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несиелерді пайдаланды. Қолдау қаражатын 290 адам алды. Қаржы мүмкіндіктері "Дипломмен - ауылға!" бағдарламасының жаңа қатысушыларын қолдауға жол ашуда.
Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен Жастар ісі жөніндегі кеңесте айтылды.
- "Дипломмен-ауылға!" бағдарламасы 2009 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Облыс бойынша барлық кезеңде 4 700-ге жуық маман көтерме жәрдемақы, 2 400-ге жуық маман тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алды. Олардың көпшілігі мұғалімдер мен медицина қызметкерлері. Сондай-ақ, мәдениет, спорт, АӨК мамандары, ауыл әкімдіктерінің жас қызметкерлері, - деп хабарлады экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.
Қазіргі уақытта көтерме жәрдемақы 306 300 теңгені құрайды. Тұрғын үй сатып алуға қарыз бойынша сыйақы минималды – жылдық 0,01%, ал несие сомасы – шамамен 4,6 млн тг.
Кеңес отырысында жастар кәсіпкерлігін қолдау туралы да айтылды. Сондай-ақ, жастар ресурстық орталықтары жұмысының тиімділігі талқыланды. Облыс бойынша бүгінде осындай 13 орталық бар, олардың жетеуі аудандарда жұмыс істейді.
- Мүмкіндігінше жастар барлық мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері туралы білулері керек. Белсенді түрде хабарлаңыздар және түсіндіріңіздер. Жұмыссыздарға және NEET-жастарға ерекше көңіл бөліңіздер, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.