Қарағандылық спортшылар ММА бойынша әлем чемпионатынан медальмен оралды

Қарағандылық спортшылар ММА бойынша әлем чемпионатынан медальмен оралды

ММА бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қарағандылық Павел Карабанов пен Дмитрий Жижин күміс медальға ие болса, нәзік жанды бойжеткен Жания Төлеубаева қола медальға ие болды.

ММА аралас жекпе-жектен турнир Абу-Дабиде өтті. Жеңіс үшін әлемнің 42 елінен 14-15 және 16-17 жас санаттарында 479 спортшы күресті.

- ММА-мен төрт жылдан бері айналысып келемін. Бұл спортпен секция үцімнің жанында орналасқандықтан шұғылдана бастадым, - дейді Дмитрий Жижин. - Бұл менің алғашқы әлем чемпионатым. Толқу мен жауапкершілікті сезіндім. Бес жекпе-жек өткіздім. Барлық қарсыластар мықты болды. Финалда Америкадан келген палуаннан жеңіліп қалдым. Чемпион болуға тәжірибесіздік кедергі келтірді, техникалық жағынан әлсіз болдым. Мен одан да көп жаттығатын боламын. Болашақта кәсіби күрескер болуды армандаймын.