Балқашта медицина кадрларымен байланысты мәселені шешудің тағы бір жолы табылды

Балқашта медицина кадрларымен байланысты мәселені шешудің тағы бір жолы табылды

Балқашта дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектесетін әлеуметтік жобаның жеңімпаздары анықталды. Қарағандының медициналық университетінде оқуға бес жас балқаштық грант алды.

Байқау "Қоңырат" корпоративтік қорының қолдауымен жарияланды. Гранттар Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында табыс етілді.

Лайықты адамдарды арнайы комиссия анықтады. Жеңімпаздар дәрігер болуды армандайды, бірақ мемлекеттік білім грантына өте алмаған. Алайда олар жоғары білім деңгейін көрсеткен.

Грант иегерлері Балқаш қаласының мектептері мен медколледж түлектері: Айтолқын Несіпбаева, Ілияс Серік, Дмитрий Щепин, Жасмин Сарымсақова және Никита Епишев. Стипендиаттар "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасы бойынша білім алады.

Міндетті шарт: оқу аяқталғаннан кейін туып өскен жеріне оралу. Мұнда жаңадан келген дәрігерлер медициналық мекемелерге орналастрылады, онда олар кем дегенде 5 жыл жұмыс істеуі керек.