
Қарағанды облыстық кардиохирургиялық орталығында Тауссиг-Бинг аномалиясы бар сәбиге көмек көрсетілді. Бұл сирек туа біткен жүрек ақауы.

Бала ауруханаға алғаш рет төрт айлық кезінде түскен. Кішкентай науқас жиі пневмониямен ауырады, көгеріп, тұншығады. Хирургтер туа біткен патология диагнозын қойып, күрделі түзету операциясының бірінші кезеңін өткізді.
Бала бір жасқа толғанда, кардиохирургтар екінші кезеңді - "Гленн анастомозы" операциясын жасады. Бұл тыныс алу проблемаларын жоюға көмектесті. Сатурация 90%-ға дейін көтерілді. Операция жасамас бұрын ауыр жағдайларда ол 20%-ға дейін төмендейтін.
Алда үшінші кезең бар. Ол үшін баланың 5-6 жасқа толуын күту керек.
- Бұл бала - біздің мақтанышымыз. Ол өте мықты, жігерлі. Себебі бұл өте ауыр патология. Менің 15 жылдық тәжірибемде мұндай жағдай екінші рет кездесіп отыр. Операциялар жасанды қанайналым жүйесін қосу арқылы жүргізілді. Қазір бала қалпына келе бастады, анасы сәбиінің тәбеті пайда болғанын айтады, салмақ жинауда, - деді балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Жанат Болатбекұлы.
Мұндай операциялар жоғары технологиялық операцияларға жатады және оларды медициналық сақтандыру қоры төлейді.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша