
Қарағанды облысында "Абай" шахтасында орын алған қайғылы оқиғаны еске алуға арналған мемориал ашылды, онда 2021 жылғы 7 қарашада метанның лақтырылуы салдарынан алты адам қаза тапты. Қара габбродан жасалған үшбұрыштың беттерінде шахтаның көрінісі бейнеленген. Құрылымның ішіне граниттен жасалған кенші каскасы орналастырылған.

- Шахтер күні қарсаңында мемориал ашып жатырмыз. Бұл өткен жылдың 7 қарашасында қайғылы оқиғадан кейін өмір жолы үзілген жерлестерге және кенжарда қаза тапқан барлық кеншілерге құрмет. Қаламыздың өмірі көмір өнеркәсібімен тығыз байланысты. Бұл ескерткіш белгі кеншілердің ерлігі мен жанқиярлығына тағзым ететін орын болады, - деді Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов.


Мемориалдың ашылу салтанатына қаза тапқан кеншілердің туыстары мен әріптестері, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы қатысты.

Естелік белгінің авторы - қарағандылық суретші және мүсінші Игорь Баграмов. Композицияның биіктігі үш метрден асады. Айналасы абаттандырылған және көгалдандырылған. Ескерткіштің айналасында 20 қарағай отырғызылды, олар болашақта жасыл қоршау іспеттес болады.
