Әділет министрі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездеседі

Әділет министрі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездеседі

26 тамызда Қарағандыда ҚР Әділет министрі Қанат Мусин халықпен кездесу өткізеді. Аймақ тұрғындарын, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін сағат 14.30-да Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (Университет көшесі, 28) мәжіліс залына шақырады.

Азаматтардан келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстар келесі электронды поштаға қабылданады: zh.abdilmanova@adilet.gov.kz.

Кездесуден кейін, сағат 17.00-де Әділет министрі жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізеді. Жазылу 25 тамыз сағат 16.00-ге дейін келесі телефондар бойынша жүргізіледі: +7 (7212) 42-05-21, 42-02-23, 8-778-788-67-30.