
Абай қаласында алғашқы скейт-алаң пайда болды. Ол "Жігер" стадионының жанындағы саябақ аймағында салынған. Енді экстремалды спорт әуесқойлары скейтборд, скутер және BMX велосипедтеріндегі өз шеберліктерін жетілдіре алады.
Алаң кәсіби велошабандоздар үшін де, жаңадан бастаушылар үшін де жабдықталған.

- Жұмыстар маусым айында басталып, тамыз айында аяқталды. Ашылу спорт күніне орайластырылды. Балалар мен жасөспірімдер риза, күн сайын алаңда жүретін адамдар қатары қалың. Барлығына міндетті қауіпсіздік ережелері бар, - дейді "Абай ауданының спорт клубы" КМҚК директорының орынбасары Сәуле Қожахметова.
Айта кетейік, Қарағанды облысының қалалары мен ауылдарында бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасауға барынша назар аударылуда. Жыл сайын мамандандырылған алаңдар саны артып келеді.