
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы "Зекет және қайырымдылық" қоры жыл сайын "Мектепке жол" акциясына қатысады. Биылғы жыл да ерекше болды. Қарағанды облысында 1020 отбасы көмек алды.

Балаларға мектеп киімдері мен керек-жарақтары берілді.
- Жыл сайын біз "Мектепке жол" акциясына қатысамыз. Демеушілік қаражатқа қажеттінің бәрін сатып аламыз: киім, рюкзактар, кеңсе тауарлары және т.б. Көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға көмек көрсетеміз. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар, сондай-ақ "Үміт" қоғамының мүшелері жүгінеді. Бүгінгі күні облыс бойынша 1020 отбасы көмек алды. Мұқтаж жандарға көмектесуді жалғастырамыз, - дейді "Зекет және қайырымдылық" қорының Қарағанды облысы бойынша өкілі Мұхит Жарымбетов.