Профилактикалық тексеру аясында Қарағанды облысының тұрғындары 600 мыңға жуық кеңес пен зерттеулерден өтті

Профилактикалық тексеру аясында Қарағанды облысының тұрғындары 600 мыңға жуық кеңес пен зерттеулерден өтті

Қарағанды облысында медициналық сақтандыру қоры жарты жыл ішінде скринингтік зерттеулерді өтеуге 1,5 млрд теңге жұмсады. Онкологиялық аурулардың ерте диагностикасына бағытталған 246 мыңнан астам зерттеулер жүргізілді: маммография, цитологиялық/гистологиялық зерттеулер және мамандардың консультациялары.

Сондай-ақ, оқушыларды профилактикалық тексеру, флюорографиялық тексеру және басқа да скринингтер төленді. Жалпы алғанда, 600 мыңға жуық кеңес пен зерттеу жүргізілді.

Дәрігерлер профилактикалық тексерулердің маңыздылығын еске салады. Кез-келген ауруды бастапқы кезеңде емдеу оңай.

30 жастан бастап қазақстандықтар онкологиялық ауруларды, 40 жастан бастап жүрек ауруларын, қант диабетін және т.б. ауруларды ерте анықтауға скринингтерден өтуі қажет. Мұны жасына байланысты 2-4 жылда бір рет жиілікпен үнемі жасау керек. Мысалы, 40 жастан бастап әйелдер мен ерлер артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, онкопатологияны ерте анықтауға тексерілуі керек. 30 жастан асқан әйелдерге жатыр мойны обырын тексеріп, 40 жастан кейін үнемі маммограммадан өту ұсынылады. 50 жастан бастап ерлер мен әйелдер колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтау үшін тексеруден өтеді.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша