"We love art" студиясы оқушыларының шығармашылығы бейнелеу өнері мұражайындағы көрмеде ұсынылады

"We love art" студиясы оқушыларының шығармашылығы бейнелеу өнері мұражайындағы көрмеде ұсынылады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 24 тамызда "We love art" шығармашылық дамыту студиясының оқушылары жұмыстарының есептік көрмесі ашылады. Басталуы 15:00.

- Біздің студия 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Балалар мен ересектер оқиды. Сабақтар, шеберлік сабақтары, пленэрлер өтеді. Біздің кейбір түлектеріміз бейінді жоғары оқу орындарына түсті. Оқушылар облыстық және республикалық конкурстарға сәтті қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Студия құрылғалы бұл біздің екінші ұжымдық көрмеміз, - дейді "We love art" студиясының негізін қалаушы және жетекшісі Светослава Кугель.

Экспозицияға 3 жастан 35 жасқа дейінгі суретшілердің жүзден астам жұмыстары кірді. Авторлардың арасында суретті өзі үшін салатындар да, болашақ мамандығы үшін өнерді таңдағандар да бар.

Бейнелеу өнері мұражайында көрме 30 тамызға дейін жалғасады.