Шет ауданының Өспен ауылында күрделі жөндеуден кейін Мәдениет үйі ашылды

Шет ауданының Өспен ауылында күрделі жөндеуден кейін Мәдениет үйі ашылды

Шет ауданы Өспен ауылының тұрғындары бос уақыттарын жаңартылған Мәдениет үйінде өткізеді. Ғимарат күрделі жөндеуден өтті, жаңа құралдар мен жабдықтар сатып алынды.

- Өспен ауылындағы Мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне жобалық-сметалық құжаттама өткен жылы дайындалған болатын. Биыл аудандық бюджеттен қаржыландыру бөлінді. Үй-жайға ішкі жөндеу жүргізілді, есіктер, едендер ауыстырылды, электр желілері қалпына келтірілді, - деді Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Самат Ахмедия.

Мекемеде төрт қызметкер жұмыс істейді.

Жаңартылған Мәдениет үйінің ашылуына тұрғындар жиналды. Салтанатты шараға Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров қатысып, ұжымға музыкалық аппаратура сыйға тартты.