
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 24 тамызда Бұқар Жырау ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Тұрғындармен кездесу Ғ. Мұстафин атындағы кенттің Мәдениет үйінде 11:00-де өтеді. Жеке қабылдау – 13:00-де.
Тұрғындардан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-72154) 2-11-18 телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық пошта арқылы қалдыра аласыз: sa.ospanova@karaganda-region.gov.kz.