Теміртауда келесі жылы Металлургтер даңғылын ауқымды абаттандыру жоспарлануда

Теміртауда келесі жылы Металлургтер даңғылын ауқымды абаттандыру жоспарлануда

Теміртауда биыл ТКШ абаттандыру мен жаңғырту қарқынды қолға алынды. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбекпен кезекті кездесуде тұрғындар оң өзгерістер туралы айтты. Ашық диалог барысында теміртаулықтар әлі де жөндеуді қажет ететін нақты мекен-жайларды айтты.

Қала әкімі Қайрат Бегімовтың ақпараты бойынша, алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелердің көпшілігі шешілді немесе орындалып жатыр.

Негізгі мәселелердің бірі – № 3 жылу магистралін жөндеу. Биыл жоба аяқталады. Бірақ тұрғындарды құбырларды төсегеннен кейін Металлургтердің басты даңғылы қашан ретке келтірілетіні алаңдатады.

– Біз жүйелі шешім қабылдадық. Биылғы міндет – екінші және үшінші жылу шығарғыштарды толық қайта құру. Ал келесі жылы жаңа асфальтқа, тротуарларды қалпына келтіруге қаражат бөлеміз. Бұл орталық көшеде ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, маңдайшалар, қасбеттерді бірыңғай стильге келтіру үшін бизнес өкілдерімен жұмыс жүргізетін боламыз, – деді Жеңіс Қасымбек.

Саяжай иелері өз учаскелеріне баратын жолды жөндеуді сұрады. Қала әкімінің айтуынша, биыл қоқыс шығарылды, ал келесі жылы асфальт төсеуге уәде беріледі. Осы маусымда қалада 30 км жол жөнделіп, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар ретке келтірілді. Тұрғындардың өтініші бойынша батыс өндірістік аймағы мен балалар лагерлерінің жолдары жөнделді.

Тұрғындар балалар алаңын жөндеу туралы өтініш білдірді. Биыл 50-ден астам аула абаттандырылады. Ал келесіде балалар мен жасөспірімдердің белсенді демалысы үшін жағдай жасау жалғастырылады. Сонымен қатар, билік өкілдері тұрғындарды абаттандырылған алаңдардың ұзақ сақталуына ат салысуға шақырды.

Теміртаулықтар қоғамдық көлік мәселесіне шағымданды. Өңір басшысы кестенің сақталуын тексеруді тапсырды және тасымалдаушыға жауапкершілік туралы ескертті – бұзушылықтар мен сапасыз қызмет көрсету жағдайында келісімшарт басқаларға берілуі мүмкін.

– Жалпы, ашық диалог өтті. Әрбір мәселе бойынша жұмыс істейміз. Барлық ескертулер мен өтініштер менің бақылауымда болады, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Тұрғындардың пікірінше, мұндай форматтағы кездесулер орын алған проблемаларды шешуге ықпал етеді.

– Әрине, мұндай диалог пайдалы. Біз өз мәселелерімізді облыс басшылығына жеткізген кезде, олар тезірек шешіледі. Бұл жолы біздің Ақтау кентінде жылыту маусымына қатысты сұрақтармен жүгіндік, – деп бөлісті кездесуге қатысушы Оксана Верескун.

Сондай-ақ, облыс әкімі жеке қабылдау өткізді. Оған тұрғын үй, экология, рұқсатсыз қоқы  үйінділері, әлеуметтік қорғау және т. б. сұрақтар қойылды.