
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тамыз айында Бұқар Жырау ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу Ғ. Мұстафин кентінің мәдениет үйінде өтеді. Кездесу күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады.
Тұрғындардан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-72154) 2-11-18 телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық пошта арқылы қалдыра аласыз: sa.ospanova@karaganda-region.gov.kz.