
Қарағанды хайуанаттар бағы қала тұрғындарын 28 және 30 тамызда сағат 13: 00-де мерекелік шараларға шақырады.
"Біздің келушілерді "Карамелька" командасының анимациялық бағдарламасы, конкурстар мен викториналар, World Class СК жаттықтырушысының спорттық қойылымдары күтеді. Ал 30 тамызда Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің концерті ұсынылады", – деді хайуанаттар бағында.