
К. С. Станиславский атындағы Қарағанды драма театры 92-ші маусымды ашады. Ол 3 қыркүйекте "Бальзаминовтың үйленуі" атты екі актілі қойылымымен басталады.

Жаңа маусымда көптеген спектакльдер соңғы рет өтеді. Көрермендердің сүйікті қойылымдарымен қоштасуға мүмкіндігі болады.
"Спектакльдің тағдыры, адам тағдыры сияқты, көптеген себептерге байланысты. Спектакльдер құрылған сәттен бастап өзгереді: дамиды, өседі немесе керісінше қурап қалады. Сондықтан театрға спектакльді есептен шығару секілді қиын шешім қабылдауға тура келеді. Бұл шешім олардың репертуарда болуының орындылығы негізінде қабылданды. Көркемдік құндылығы, көрерменге деген сұраныс, қалпына келтіру қажеттілігі сияқты санаттар есепке алынды", – делінген театр хабарламасында.

Есептен шығарылатын кешкі қойылымдар: «Эти свободные бабочки», «Звезда по имени», «Без вины виноватые», «Два часа счастья», «Стена живых», «Не всё коту масленица», «Fedra. Игра» және «Достоевский FM: Хроники Мордасова».
Сонымен қатар балалардың жеті қойылымы қысқарады: «Новые приключения трёх неуловимых поросят», «Красная шапочка», «Кот в сапогах», «Ищи ветра в поле», «Кот Леопольд», «Бармалей» және «Приключения Незнайки и его друзей».
Ескі қойылымдар жаңасына жол ашады. Театрда премьералар жарық көреді деп уәде етеді.