Қарағандылықтарды «Халық қауіпсіздігі» акциясына қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды «Халық қауіпсіздігі» акциясына қатысуға шақырады

Қарағандыдағы Athletics спорттық ойын-сауық саябағында балалар мен ересектерге арналған "Халық қауіпсіздігі" акциясы өтеді. Тұрғындарды 19 тамыз сағат 18:00-де өтетін шарада күтеді.

Бағдарламада:

1. Өрт қауіпсіздігі.

2. Құтқарушылар және кинологиялық қызметпен диалог алаңы.

3. Қауіпсіздік және алғашқы көмек көрсету сабақтары.

4. Терезеден құлаудың алдын алу бойынша ақпарат.

5. ЖҚЕ мен үйдегі қауіпсіздік туралы фильмді VR-көзілдірігінің көмегімен тамашалау.

6. Балалар арасында буллингті болдырмау туралы әңгіме.

Шара барысында қауіпсіздік негіздерін білу бойынша сайыстар өткізіледі. Ең белсенді қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болады.