Қарағанды облысында техногендік сипаттағы ТЖ салдарын жою бойынша оқу-жаттығу өтті

Қарағанды облысында техногендік сипаттағы ТЖ салдарын жою бойынша оқу-жаттығу өтті

16–18 тамыз аралығында Қарағанды облысында "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде іс-шараларды ұйымдастыру және орындау" тақырыбында өңірдің аумақтық қорғаныс бригадасымен командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті.

Оқу-жаттығуға облыстың басқармалары, аумақтық департаменттері (ТЖ, полиция, қорғаныс істері жөніндегі) және қалалар мен аудандардың әкімдіктері қатысты.

Оқу-жаттығудың мақсаты – техногендік сипаттағы ТЖ салдарын жою кезінде бірлескен іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу кезінде облыстың басшы құрамының дағдыларын жетілдіру.

Қарағанды облысының аумақтық қорғаныс бригадасы басқармасының қызметі