Теміртаудағы жағдай туралы

Теміртаудағы жағдай туралы

Теміртауда бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының тұтануына байланысты жедел штаб құрылды. Оқиға орнында қала әкімі Қайрат Бегімов пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин, барлық шұғыл қызметтер бар.

Өңірдің ТЖД мәліметінше, 16 тамыз күні сағат 12:08-де Теміртауда Металлургтер даңғылындағы 5/2 үйде газ-ауа қоспасының тұтануы нәтижесінде қабатаралық құлау орын алды. Өрт шықты. Үш пәтер бүлінген.

Төрт адам зардап шекті. 53 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істейді, үйінділерді талдау жүргізілуде.

Теміртау әкімі тұрғындармен кездесіп, пәтерлерді қалпына келтіру және уақытша орналастыру арқылы барлық қажетті көмек көрсетілетінін түсіндірді.